Ілияс Есенберлин

Қазақ әдебиетінің тарланы– Ілияс Есенберлин

Жазушы Қабдеш Жұмаділов Ілияс Есенберлин туралы: «Мені алғашқы қызықтырғаны Ілияс Есенберлиннің өзі емес, «ешкімге ұқсамайтын, немістің бір емес Эссен және Берлин деген үлкен қаласының атын біріктіріп тұрған фамилиясы» - деген.
Сондай-ақ, ол «Ілекеңнің сол кезде ең даулы – тарихи тақырыпқа баруы оның керемет жүректілігін, керемет отансүйгіштігін, ұлтшылдығын көрсетеді. Ол кісі кейінгі қаламдас інілеріне жол ашты. Тарихи мектепті қалыптастырды. Менің «Дарабозды», «Соңғы көшті», Мұхтардың «Аласапыранды» жазуына... бәріне жол ашқан Есенберлиннің романдары. Мұзжарғыш кемедей алға жол тартты», – деп атап өтеді.

Ақын Несіпбек Айтұлы жазушы туралы: «Ілияс Есенберлин өз еңбектері арқылы сол кездері халықтың мұқалып қалған жігерін, тапталып қалған намысын оятты. Кенесары жеңілген күннің өзінде өз қаруымен қандай сілкініс тудырса, Ілияс Есенберлиннің «Қаһары» да ұлттық сананы соншалықты сілкіндірді», дейді.

Белгілі қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі: «Қазір тарих туралы сөз көп. Кейбір адамдар тарих ғалымдарымен сөз таластырады. Сөзінен байқасаң, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділеріндегі» деректерді алға тартып отырады. Бұл жазушыға деген ел құрметінің белгісі болса керек. Себебі кезінде барымыз айта алмайтын заманда қазақтың да тарихы бар екенін Ілияс Есенберлин көрсетіп берді. Бірақ бұл – әдеби шығарма. Өкінішке қарай, көпшілік осыны ескермейді. Ілияс Есенберлиннің әдебиеттегі орны, халықтық рух пен санаға берген сілкінісі қашанда жоғары бағаланбақ» деп атап өтеді.

Естеріңізге салсақ, автордың баспамыздан «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» бөлімдерінен тұратын «Көшпенділер» трилогиясы, «Алтын Орда» шығармасы жарық көрген болатын.

Ілияс Есенберлин
В наличии
Предзаказ
3 570 тг.
В наличии
Предзаказ
3 570 тг.
В наличии
Предзаказ
4 961 тг.
В наличии
Предзаказ
5 844 тг.
В наличии
Предзаказ
2 481 тг.
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *