- Главная
- Баспа туралы
«Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа. Баспаның бас редакциясы мен жеке баспаханасы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында орналасқан.
«Фолиант» қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың кең ауқымын дайындаумен және шығарумен айналысады. Бұл барлық жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем және танымдық басылымдарды, ересек оқырмандарға бағытталған әртүрлі жанрдағы көркем шығармаларды, суреттелген публицистикалық басылымдар мен оқу, ғылыми, құқықтық әрі өзге де мамандандырылған әдебиеттерді қамтиды.
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
«Фолиант баспасы» компаниясының ашылуы.
«Қазақстан тарихы» атты алғашқы кітаптың жарық көруі.
Баспаның кітаптар ассиортиментінің толтырылуы (ҚР заңдары, оқу әдебиеті және логика бойынша кітаптар).
Кітаптар мен оқулықтарды басып шығаруға арналған жеке баспахананың ашылуы.
«Фолиант» баспасының Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларында кітап дүкендерінің ашылуы.
«Бабалар сөзі» 100 томдық жобасының жүзеге асуы.
«Менің Қазақстаным» атты ұзақ мерзімді жобаның бастамасы – ел өңірлеріне арналған 14 кітап-альбом.
Германия мен Ресейдегі жыл сайынғы халықаралық кітап көрмелеріне қатысу.
Баспаның жеке кітапханасының ашылуы.
Қазақ тіліндегі алғашқы балаларға арналған кітаптар, энциклопедиялар мен ертегілердің басып шығарылуы.
Мәскеу қаласында «Фолиант баспасы» өкілдігінің ашылуы.
Астана қаласында халықаралық «Eurasian Book Fair» кітап көрмесін ұйымдастыруы.
Алғашқы шетелдік көркем аударма кітабының қазақ тілінде басып шығарылуы.
Кәсіптік-техникалық білім беру үшін орыс және қазақ тілдерінде 85 оқулықтың шығарылуы, шетелдік жобаның орындалуы.
«Фолиант» сауда үйінің салынуы және ашылуы.
Астана (Abu Dhabi Plaza) және Алматы (Grand Park) қалаларында «Qazaqbooks» кітап дүкендері желісінің ашылуы.
«Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында жыл сайын «Astana Publishing Fellowship» жобасын өткізіп келеді. Жобаның мақсаты – қазақстандық авторлардың еңбектерін шет тілге аударып, әлемдік нарыққа таныту және әлемдік әдебиет трендтерін елге әкелу.
Түркістан қаласында түркі тілдес елдердің баспа ұйымдары, жазушылар, аудармашылар және әдеби қауымдастық өкілдерінің басын қосып «Turkistan Book Fair» көрме-жәрмеңкесін жыл сайын ұйымдастыруды қолға алды.
Осындай ерекшеліктері бар Қазақстандағы жалғыз жеке баспа «Фолиант» - бүгінде Орта Азиядағы кітап өнімдерінің жетекші өндірушілерінің бірі. Сондай-ақ бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспамен, кітап саудасымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, полиграфиямен айналысатын компанияларын біріктіретін еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағарту іс-шарасы – «Astana Eurasian Book Fair» Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі-жәрмеңкесінің ұйымдастырушысы.
