Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жан-
талас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл
шығарма — қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты
көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі.
«Жанталас» — Абылай кезеңіндегі Қазақ хандығының Жоңғар,
Ресей патшалығы, Қытай елдері тарапынан қыспаққа алынып, ел
басына қысылтаяң күн туған қиын кезеңді әңгімелейді. Бұл кітап та-
рихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атаумен қалған
ұлы қырғын — жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады.
Халықтың осы азаттық жолындағы күресінде алғаш батырлығымен
көзге түсіп, кейіннен қалың қазаққа хан болған Абылайдың ғұмыры ел
тағдырымен бірге баяндалады. Сонымен қатар қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші
кезеңдері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтары
мен сыртқы жаулары туралы тарихи мағлұмат берілген.