Ұсынылып отырған «Жалпы мұнай және мұнай кәсіпшілігі геологиясы» оқу құралы «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» (0809000) мамандығының «Мұнай және газ алатын операторы» (0809005 2) біліктілігіне арналған. Оқу құралы білімнің белгілі бір са¬ласына арналып, білім мазмұнының Мемлекеттік стандартта талап етілген деңгейін сақтай отырып мемлекеттік тілде дайындалды. Еліміздегі алдыңғы қатарлы мұнай және газ кен орындары туралы мағлұматтар
беріліп, кен орнын, геология туралы түсінік, мұнай және газ кәсіпшілік геологиясы, мұнай және газ кен орындарының геофизикалық сипаттамалары, мұнай және газдың физикалық қасиеттері, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау туралы мәліметтер берілген. Оқу құралы техникалық және кәсіптік колледж оқушыларына арналған.

