Ұсынылған оқу құралы пайдаланушылардың, оқытушылар мен білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыратын және өз бетінше жұмыс істеуге жетелейтін өзіндік негізі бар оқу бағдарламаларымен, оқу-жоспарлау құжаттарымен
және дидактикалық материалдарымен қызықтырары сөзсіз. Оқу құралының мазмұны білім алушылардың білімдерін, дағдылары мен біліктілігін және құзыреттіліктерін стандартта жоспарланған нәтижелерге сәйкес төселдіруге
арқау болады. Оқу құралында тағамдар дайындауға арналған негізгі және қосымша шикізаттар, тағамдар дайындаудың технологиясы, тағамдар рецептуралары, тағамның сапасына қойылатын талаптар қарастырылған. Зерттемелік
жұмыстарды бекітуге арналған сұрақтар да осы оқу құралынан табылады. Құралдың тиімділігіне ықпал ететін нәрселер, олар құрамы мен құрылымы үйлесімді, ондағы ақпараттар қызықты және қол жетімді. Тағам даярлау практикумы (тәжірибелік сабақтар). Оқу құралы. 3-басылым, толықт., өңд.

