Жюль Верннің шытырман оқиғалы классикалық әдеби туындыларын, шын мәнінде, көріпкелдік деуге болады. Кезінде шығармаларында бейнелеп жазылған барлық техникалық өнертабыстар қазір шындыққа айналып отыр. Ұшақ, тікұшақ, теледидар, реактивті зымырандар, суасты қайықтары — оның шығармаларындағы кейін шындыққа айналған ғажайыптардың бір бөлігі ғана. Қазіргі өркениеттің кез келген жетістігі бізге үйреншікті көрінгенімен, теңіз түбіне терең бойлау, әуе шарымен биікке самғау, Солтүстік белдеуге, Айға саяхат жайындағы әңгімелер сол жүз жыл бұрынғысындай оқырманын елітіп әкетеді.
«Су астындағы жиырма мың лье» романындағы оқиға жаратылысы жұмбақ Немо капитан басқарған «Наутилус» суасты кемесінде өрбиді. Осынау құпиясы көп құрылғыны өмірлеріне қауіп төндіретін суасты алыбына балайды да, оның соңына түседі. Тек мықтымын деген азғана топқа суасты кемесінің бортына мініп, таңғажайып сапар шегу мәртебесі бұйырады.
