Отырар
Предзаказ
(0)

Отырар

Нет в наличии

Отырар. Книга-альбом "Менің Отаным - Казақстан" сериясы. Еркін Қыдыр

Описание

Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Еркін Қыдырдың бұл кітабында еліміздің ежелден-ақ өркениет ордасына айналған Отырар шаһары, оның өткені мен осы өңірдің бүгінгі тынысы туралы сыр шертіледі. Отырардан шыққан ұлы бабамыз Әл-Фарабидің, бабтардың бабы - Арыстан бабтың аңызбен астасқан ғұмыры жасампаздық істерімен, таратқан ілімдерімен ұштастырылып беріледі. Ұлы қолбасшылар - Шыңғыс хан мен Әмір Темір жорықтары заман тұрғысынан ой елегінен өткізіледі. Отырарлықтардың ерлік шайқастары ешкімді де бейжай қалдырмайды. Сонымен қатар Тұрғанбай датқа, Қажымұқан, Өзбекәлі Жәнібеков, Ақжан Машанов, Кемел Ақышев және өзге де Отырармен өзектес тұлғалар туралы материалдар тың мәліметтерге толы.

Сонау тас ғасырындағы ескерткіштерді тілге тиек етуден басталған кітап Отырар ауданының құрылғанына 75 жыл, Ш. Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толатын мерейлі сәт қарсаңында оқырманға жол тартты. Шығарма деректерінің нақтылығымен құнды әрі тартымды, қызғылықты оқылады.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Показать полностью Свернуть
Характеристики
Тілі/Язык
Қазақ/Казахский
Серия
Менің Отаным - Казақстан
Шыққан жылы/Год издания
2009
Беттер саны/Количество страниц
304
Мұқабасы/Переплет
Қатты/Твердый
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *