Ноқталанған тарихшы
Предзаказ
(0)

Ноқталанған тарихшы

Авторы: Медеу Сәрсеке

Описание

Жарық дүниеге келген әрбір пенде өз қалауынша өмір сүруге ерікті. Ермұхан Бекмаханов та мейірімді Алла пешенесіне жазған дарын-қабілетімен өз қатарынан қара үзіп шығып, Қазақ Елі тарихының қатпарлы сырларын емін-еркін қазып, туған халқына сол жолда елеулі еңбектер сыйлауға құлшынған білімпаз еді. Амал қанша, батыл ойға тұсау, еркін көңілді кісендеген кешегі қатыгез заман оның ең алғашқы еңбегіне кезінде тыйым салып, қазақ тарихнамасының төрі түгілі босағасынан да орын бермей, үнемі қуғын көріп, нағыз дер шағында, елу жасында өмірден озды.
«Ноқталанған тарихшы» ғұмырнамасында деректі жанрдың шебері атанған Медеу СӘРСЕКЕ шерменде тарихшының өмірін қаз қалпында әсірелеусіз баяндап, жолын кескен қаскүнем де іші тар замандастарының есімдерін атап, қастандық әрекеттерін жабық мұрағатынан алған шынайы деректермен нақты сипаттайды. Кешегі заманның қитұрқы зауалын ашып, билік басындағылардың сорақы қиянаттарын әшкерелейтін деректі туынды оқырманды бей-жай қалдырмасы айқын. Оған қоса біртуар тарихшының күреске толы, небәрі елу жыл жасаған ауыр да азапқа толы өмірінде басынан кешкен шытырманды оқиғалар бүгінгі қауымға қайталанбайтын сабақ болса игі деген үміттемін...
Бұл кітап 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ баспасы 33,08 б.т., яки 600 бет көлемдегі деректі роман нұсқасына жасалған соңғы түзету, 20 маусым – 30 тамыз 2022 жыл.

Показать полностью Свернуть
Характеристики
Тілі/Язык
Қазақ/Казахский
Жас ерекшелігі/Возраст
12+
Шыққан жылы/Год издания
2023
Беттер саны/Количество страниц
608
Мұқабасы/Переплет
Қатты/Твердый
Автор
Медеу Сәрсеке
Жанр
Роман-эссе
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *