Жазушы Кристин Лёненстің «Құрсаулы аспан» романы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі гитлерлік Германияның тыныс-тіршілігін баяндайды. Шығармада нацистік идеологияның балалар санасына қалай ықпал еткені көрініс тапқан.
Оқиға желісі бойынша, нацистер ұйымдастырған Гитлерюгенд жастар қозғалысының мүшесі Йоханнес соғыс кезінде ауыр жарақат алып бір қолынан айырылады. Соғысқа жарамсыз күйінде үйіне оралуға мәжбүр болған ол ата-анасының үйде еврей қызын жасырын ұстап отырғанын біледі. Гитлердің саясатын қолдап, өзін нацист деп есептейтін Йоханнес не істерін білмей басы қатады. Тіпті ата-анасын билікке тапсыруды да ойлайды. Алайда Эльзамен танысқаннан кейін қызға сүйіспеншілігі артып, сезімнің алдында дәрменсіз күйге түседі. Қыздың аман қалуы енді тікелей өзіне байланысты. Не істеу керек?
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
