Оқу құралында автотракторлық қозғалтқыштардың теориялық және нақты циклдері, қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері, сипаттамалары, әрекет ететін күштері мен моменттері туралы мәлімет берілген. Сондай-ақ, автотракторлық қозғалтқыштың cору, сығу, жану, ұлғаю процесі, индикаторлық диаграммасын құру, қозғалтқыштың индикаторлық, тиімділік көрсеткіштері, қозғалтқыштың негізгі өлшемдерін анықтау әдістемесі; қозғалтқыштың айналшықты-бұлғақты механизмнің динамикалық және кинематикалық есебі, қозғалтқышты теңдеу әдістемесі келтірілген. Қосымшада қозғалтқыштың жылулық және динамикалық есептеулері және тест сұрақтары берілген.
Оқу құралы техникалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне, магистранттарға арналған, сонымен қатар ауыл шаруашылығында, автокөлік кәсіпорындарында қызмет атқарып жүрген техника мамандарының да пайдалануына болады. Іштен жану қозғалтқыштары теориясының негіздері мен есептеулері: Оқу құралы.

