«Езуі жиылмайтын пенде» — француз жазушысы Виктор Гюгоның ең танымал туындыларының бірі. Шығармаға арқау болған оқиға XVII–XVIII ғасырларда Англияда өтеді. Романда тағдыр теперішін көрген Гуинпленнің өмірі баяндалған.
Тумысынан лорд, ақсүйектер отбасында дүниеге келген Гуинплен тағдырдың жазуымен әзілкеш болып елді күлдіріп, қайыршылықта өмір сүреді. Бала кезінде қарақшылар ұрлап әкетіп, бет-әлпетін адам танымастай ұсқынсыз кейіпке түсірген басты кейіпкер тағдырдың өзіне тосқан сынағын мойымай көтеріп, қиындықтың бәрін еңсере біледі. Ешқандай сынақ оның жан дүниесін әлсіретпейді, қайта шыңдай түседі.
Жәрмеңкеде жұртты күлдірген сайқымазақ актер Англия пэріне айналып, лордтар палатасында кедей-кепшіктің мұң-зарын жеткізеді...
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
