(0)

Автомобиль техникасы бойынша тәжірибелік сабақтар кітабы

Автомобиль техникасы бойынша тәжірибелік сабақтар кітабы: Оқулық / Неміс тілінен ауд. –
Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 392 бет.

 

Оқулық неміс тілінен аударылып, материалдар модульды-құзыретті тәсілге негізделген. Кітаптың басты ерекшелігі – материал жинақы әрі ықшам берілген. Берілген теориялық материалдар оқуға ыңғайлы
және түсінікті болуы үшін түрлі түсті диаграммалар мен суреттер баяндалған.
Оқулық 1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
мамандығы бойынша оқитын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттеріне
арналған.
Оқу құралының материалдарын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері практикалық оқу материалдарын, студенттерге арналған тест тапсырмаларын жасау үшін қолдана алады.

Описание

Автокөліктік техника» құралының 1 ... 8 оқу топтамалары, Сіз осының көмегімен кәсіби
дағдыларды жаңа базистік оқу жоспарына сәйкес игеретіндей етіп құрастырылған. Ұсынылған
мәселелер жекеленген немесе топтық жұмыстарда қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда базистік
оқу бағдарламасы талап ететін техникалық және жүйелік білімдер алынып, тереңдетіледі, соның
нәтижесінде жедел әрекеттер аттану нүктесі және мақсаты болып табылады.
2 басылымда тапсырмалар жаңа базистік оқу жоспарына сәйкес мазмұнды дайындалған және
«Тыныштық тогын өлшеу», «Көпфункционалдық реттегіш», «Моторды жөндеу», «Қосиіндік
(кривошиптік) механизмдегі жөндеу жұмыстары», «Салқындату жүйесіне сервистік қызмет
көрсету», «Моторды басқару», «Үрлеме жүйесі», «Жүргізіп-тоқтату жүйесіндегі мәселе»,
«Батареяларға қызмет көрсету», «Жоғары вольттық компоненттерді ажырату», «Гибридтік техника», «Қосдискілі сермерді (маховикті) жөндеу», «SAS-қосылу», «Мәжбүрлеп оталдыратын және
сығылудан тұтанатын іштен жану моторларындағы жанармай беру, бүрку мен пайдаланылған газ
шығару жүйелері» тақырыптары бойынша жаңа оқу жағдайларымен толықтырылған.
5 ... 8 оқу блоктарындағы оқу жағдайлары алғашқы төрт оқу блоктарындағы оқу жағдайларына
спираль түрінде негізделетіндей қайта өңделген.
Оқу құралының әдістемелік құрылымы келесі сұлбаға сәйкес бөлінеді:
1 Жағдай:
Ол тақырыпқа нақты кіріспе болып табылады.
2. Ақпарат алу және жүйелік білімдер:
Бұл тарауда математикалық элементтері және жұмысты жоспарлаудың элементтері бар
кешенді кәсіптік қолданбалы есептер пысықталуы тиіс. Осылайша мәселені шешуге арналған
негіз жасалынады.
3. Мәселені шешу:
4. Қажетті кәсіптік және жүйелік білімдерді алғаннан кейін қызметкер әртүрлі қосалқы
икемқұрылғылардың көмегімен (кестелік басылымдарды, оқу құралдарын немесе өндіруші
құжаттарын, мысалы ESI [троник] қоса алғанда) бастапқы жағдайды шеше алады.
Мазмұны тұрғысынан алғанда, оқу тарауларының келесідей міндеттері бар:
5 Оқу тарауы Сервис
Байқауды және қосымша жұмыстарды жүргізу
6 Оқу тарауы Диагностикалау
Борттық желі жүйесіндегі, зарядтық токтағы және старттық жүйедегі жұмыстың диагностикасы және ақауларды жою.
7 Оқу тарауы Жөндеу
Тозуға ұшыраған тораптар мен жүйелерді жөндеу
8 Оқу тарауы Диагностикалау
Жетекті басқарудың мехатрондық жүйелерінің диагностикасы
Оқу құралы «Автокөлік техникасы» мамандығы бойынша «Мамандықтың теориялық
негіздері», «Кестелік материалдар», «Есеп оқулығы», «Сынақтар нәтижелерін жазу кітабы»,
«Тексерулерді дайындау» (1 және 2 бөлімдері), сондай-ақ «Тексерулер жүргізу жөніндегі құрал»
сияқты басқа кітаптармен өзара тығыз әрекетте болады.
Ескертулер мен ұсыныстарды баспаға және авторға электрондық поштаның lektorat@europalehrmittel.de. мекенжайына жіберуге болады.
Бұл оқу құралы сондай-ақ интерактивтік CD (Еуропалық нөмірі 86245) қолжетімді.

Показать полностью Свернуть
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *