Мәдениет пен әдебиеттің тоғысуы

2023 жылғы 15 қаңтарда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Бопай ханым» тарихи трагедиясының қойылымы болды.
Қойылымда Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның жары Бопай ханымның қайраткерлік тұлғасы мен ана ретіндегі үлгі-өнегесі баяндалған. Театрдың талантты актерлары сомдаған тарихи образдар көрерменді шынайылығымен баурап алды.

Осы орайда, «Фолиант» баспасы театр қонақтарына Мәди Айымбетовтың «Бопай ханым» тарихи романы мен баспадан шыққан өзге де жаңа кітаптарды ұсынды.

Қойылымды тамашалау бір ғанибет, ал кітабын қоса оқу тіпті керемет әсерге бөлейді, солай емес пе?
Ұлт руханиятын көтеру жолындағы еңбектері үшін Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының басшылығы мен ұжымына «Фолиант» баспасы атынан ризашылығымызды білдіреміз!

Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *