КІТАП СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ...

Әдетте кітап сыйлау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Екінші адамның талғамын толық зерттеп, біліп алмасаңыз, кітап дүкендерінде ұзақ уақыт бөгелуіңіз мүмкін.

Қарбалас мереке қарсаңында жақыныңызға «Не сыйлаймын?» деп бас қатырып жүрсіз бе?..

Ендеше біз сіздерге бірнеше кітаппен бөлісуді жөн көрдік.

1.Дж.Р.Р. Толкин «Сақиналар әміршісі: Комплект»

Бұл кітап «Сақиналар әміршісінің» жанкүйерлері үшін таптырмайтын сыйлық.

Ғажап трилогия қалыңдығымен, мұқаба дизайнымен ерекшеленеді.

2.Д. Браун «Да Винчи коды»

Бұл кітапта пәлсапа, өнер, өмір, тарих, діни тартыстар ерекше сипатталады.

3.Джейн Остен «Асқақтық пен адасу»

Ең терең махаббат хикаясы туралы ең әдемі роман.

4.Кен Кизи «Көкектің ұясы»

Бұл шығарманың фильмін көріп, қойылымын тамашалаған боларсыз. Енді ғажап аудармасын оқитын сәт те келді!

5.Гүзел Яхина «Самарқанға бағыт алған эшелон»

Биылғы жылдың ең үздік романдарының бірегейі.

6.І. Есенберлин «Алтын орда»

Түп тамырыңызды, тарихыңызды танығыңыз келсе Есенберлинді оқыңыз!

7.Н.Лугинов «Шыңғыс хан әмірімен»

Шыңғыс  ханды өзге қырынан танытатын тарихи роман.

8.М.Мэнсон «Бәріне қолыңды бір сілте»

Оқырман таңдауы бойынша «Үздік ондыққа» енген психологиялық нон-фикшн.

9.Д.Диспенза «Сергек сана»

Ғылыми-практикалық пайдалы кеңестер жан-жақты қамтылған әлемдік бестселлер.

10.Стивен Кинг «СОЛ»

«Хоррор» жанрын жақсы көретін досыңыз бұл туындыны жақсы білуі тиіс J

Бұл кеңестер -  көркем әдебиеттің  нақсүйерлері үшін, психологияға көбірек қызығатын құрбыңыз үшін, тарихи романдарды ерекше құлшыныспен оқитын ағаңыз немесе ағайыңыз үшін ,өзінің сөздік қорын молайтқысы келетін жастар үшін, фэнтези жанрының жанкүйерлері үшін жақсы бағыт-бағдар болады деп ойлаймыз.

Пайдаңызға жарасын!

Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *