Қазақ әдебиетіндегі айшықты әйел бейнесі

Әйел – көктем, әйел – гүл, әйел – әдеміліктің символы! Әйелдер мерекесін  көктемнің алғашқы айында атап өтетіні бекер емес. Көктем келіп, жер бетіндегі тіршілік оянғанда әйел адамдар да құлпыра түседі және бүкіл адамзат оларға ерекше құрмет көрсетеді.

«Әйел адам – гүлмен тең» - деп жырлағанда данышпан Абай әйел затының бойындағы нәзіктікті, сезімге ерік бере алатын еркіндікті меңзеп айтқан.

Бірақ нәзік әйелдің бойында әлемге  ықпал ете алатын алып күш бар. Өйткені ол – ана, бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Өмірге саналы ұрпақ әкеліп, оған дұрыс тәрбие беру арқылы қоғамды алға жылжытады. 

Өзінің даналығымен, ақылдылығымен елдің анасына айналып  тарихта аты қалған аналарымыз қаншама?!  

Қазақ қаламгерлері әдебиет әлемінде замандастарына үлгі боларлық әйел образдарын сомдап қалдырды.

«Ұлпан» – қазақ әйелінің жарқын тұлғасын көрсете білген отандық әдебиеттегі шоқтығы биік әдеби бейне.

Италяндық суретші Леонардо да Винчи «Джоконда» бейнесін қалай салса, сөз зергері Ғабит Мүсірепов  «Ұлпан» образын өлмейтін туынды жазу арқылы жасап шықты.

Жазушы өзінің өзінің айшықты шығармасының басты кейіпкері туралы  қойын дәптерінің бір шетіне «Менің Джокондам – Ұлпан» деген жазба қалдырыпты.

Шығарма жазылғанға дейін жазушы Ұлпан бейнесін 40 жыл бойы  жүрегінің төрінде, санасының түпкірінде сақтап келген.

Елдің анасына айналған қайраткер, данышпан әйел жайлы жазылған «Ұлпан» туындысы қазақ әдебиетінің алтын қорынан  орын алып, жарты ғасырға жуық уақыт оқырмандарды тамсандырып келеді.

Небәрі 27 жыл ғұмыр кешіп, артына өшпес әдеби мұра қалдырған  Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» роман 21 жасында жазған.

Жазушы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат трагедиясын шебер жеткізеді. Өз билігі өзіне жүрмеген әйел тағдыры, сүйгенін аңсаған ғашықтың зары, әлеуметтік әділетсіздік мәселелері прозалық және поэзиялық жанырда әдемі өрілген.

Қаламгер Қамардың психологиялық жай-күйін әсерлі суреттейді.  Кез келген ауыру жүйке жүйесімен тығыз байланысты екені белгілі. Терең психологиялық күйзеліске түскен Қамардың  еміне шипа табылар ма екен?...

Қазақтың классик жазушысы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан көркем туынды.

Романның басты кейіпкері Ботагөздің күнделікті күйкі тірліктің ауыртпалығында жаншылып қалмай, жаңа саяси жүйенің қалыптасуына атсалысқан азаматтық белсенділігі мен күрескерлік келбеті сипатталады.   

Ескі саяси жүйені құлатып, революция жасауға ықпал еткен саяси күштің ортасында жүрген қазақ қызы Ботагөздің тағдыры туралы туынды кезінде Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың сүйікті кітабына айналған

Елдің әлеуметтік жағдайын, әйел тағдырын аса шеберлікпен баяндайтын көркем туынды әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Эстетикалық деңгейі жоғары көркем туынды әдебиет жанашырлары мен кітапсүйер қауым  тарапынан жоғары бағаланады.

Қазақ әңгіме жанрының хас шебері, жазушы Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты қазақ әдебиетінің асыл қазынасы.   

Ажары адамды естен тандыратындай сұлу, ақыл мен парасаты келіскен, мінезі биязы, салмақты әрі ұстамды  Шұға сол замандағы қазақ қыздарының эталоны.

Шұға мен Әбдірахманның арасында  махаббат сезімі тұтанады. Қос ғашықтың ынтызар сезіміне бөгет болатын  адамдар да табылады. Байдың қызын алуға мүмкіндік бермейтін әлеуметтік жағдай да қолға байлау болады. Жалған жала жауып абақтыға қамалған ғашығының күйгінен Шұға құсалықпен ауырады.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы өмірден алынған шынайы оқиғалар негізінде шебер жазылған көркем туынды.

Ақбілек сүйгеніне қосыла алмаған шерменде жан. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиындық көрсе де өмірден күдер үзген жоқ. Елдің өсегіне де, жанды жеген жүрек жарасына да қарамай алға ұмтылуын тоқтатпады. Оның да бақытты болуға құқы бар ғой...

Жүсіпбек Аймауытов ұстаздық қызметін атқара жүріп, «Ақбілек» романын 2,5 айдың ішінде жазып шыққан.

«Ақбілек» – адамның өмірі мен күрделі тағдыры туралы бейнелі жазылған психологиялық роман.

Товары, упомянутые в статье
В наличии
Предзаказ
арт. 9786013388861
Авторы: Сәбит Мұқанов
3 836 тг.
В наличии
Предзаказ
арт. 9786012714500
Авторы: Бейімбет Майлин
2 662 тг.
В наличии
Предзаказ
арт. 9786012714906
Ғабит Мүсірепов
3 993 тг.
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *