Қазақ балалар әдебиетіндегі алғашқы фантастикалық шығармалардың авторы Таупық Рымжановтың «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі» атты ертегі-хикаяты екі тараудан тұрады. Басты кейіпкерлері — Әукебай батырдың қызы Зәйтүнқарлығаш пен Таңасар патшаның ұлы Ерден. Отансүйгіштік рухта тәрбиеленген олар туған жерді, кемеліне келіп көркейген Жаһұт атты патшалықты ішкі-сыртқы жаулардан, диюлардан қорғау жолында көп қиыншылық көреді. Ерден батыр өліп, тіріледі. Оқырман бұл кітапта жерасты ғұламасы Ағдем атты фантастикалық кейіпкермен, қолынан келмейтіні жоқ, патшалардың патшасы атанған Табиғат атты кемеңгер кейіпкермен танысады.
Кітапта Зәйтүнқарлығаштың диюлар патшасы Сұртырнақпен, Ерденнің бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс сиқыршы Сағды шалмен күресі жолындағы оқиғалары баяндалады.
 
       
                       
                       
                       
                      