Оқулықта техникалық жылу жабдықтарын пайдалану, газ, қатты және сұйық отынды сақтау, от жағу құрылғылары, бу және сужылытқыш қазандықтары, орталықтан тепкіш машиналар, жылу пайдаланатын машиналар, жылу және жылу алмасу, отын түрлері, жылу техникалық қондырғыларын сынау, қоршаған ортаны қорғау, жылу жабдықтарымен және техникаларымен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері жайлы толық мағлұмат жазылған. Сондай-ақ, жылу техникалық жабдықтарды пайдалану бойынша практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, тест тапсырмалары, т.б. берілген. Оқу құралы елімізге қажетті білікті мамандар даярлау мақсатында «Техникалық жылу жабдықтары мен жүйелерінің слесары» мамандығының студенттеріне арналып дайындалған. Жылу техникалары мен жабдықтарын жөндеу және пайдалану. Оқулық 2-басылым., толықт., өңд.