Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия энергетика саласының барынша жедел дамып келе жатқан бағыты болып табылады. Кітапта қарастырылған жаңартылатын энергия көздері – күн, жел, су, биомасса және оларды тұтыну үшін қолайлы энергияның басқа түрлеріне түрлендіру студенттердің электр энергетикасының алдыңғы қатарлы бағыттары туралы білімдерін едәуір кеңейтеді. Негізгі жаңартылатын энергетикалық жүйелерді пайдалану технологиясын сипаттаудан басқа, кітапта оларды есептеу және модельдеу берілген. Парниктік эффектіні қоса алғанда әлемдегі экологиялық жағдайға толық талдау жасалған.Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, осы саланың мамандары мен басқа да қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.
Басылымға бағдарламалық материалмен DVD диск қоса берілген.