Джордан Белфорт — адамдарға ықпал ете алатын табысты брокер, мотивациялық оратор және жазушы. Оның «The Wolf Of Wall Street» кітабы желісімен түсірілген фильм күллі әлемге танымал болды.
«Уолл-стрит көкжалы» өзінің сату концепциясын «сендіру, ықпал ету мен табысқа жету өнері» деп атайды. Әрі осы өнерді жер жүзіндегі сатушы боламын деген адамдарға үйрете отырып, қарапайым адамды сауданың хас шеберіне айналдыра алатынына сенеді. Өз жолында достардың сатқындығы, үлкен сомадағы қарыздар, алаяқтық үшін түрме жазасы, сол іспен қайта айналысуға өмір бойына тыйым салу сияқты сәтсіздіктерді бастан кешірсе де, аяққа тұрып, сату әлемінде өзінің жеке әдістемесін ойлап тапты.
Тұтынушының екіойлы болуы мен сауда жасаудағы сенімсіздігін «иә!» деген жауапқа айналдыру — міне, «Уолл-стрит көкжалы әдісінің» басты мақсаты.
