Туризм басқа экономикалық секторлармен салыстырғанда ерекше мультипликаторлық мәнге ие. Ол тікелей және жанама түрде экономиканың барлық секторына әсер етеді. Сондықтан туризмді дамыту және осы сала
мамандарын даярлау – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Осы мақсатқа орай жазылған бұл оқу құралында туризм дамуының тарихи алғышарттары, туризм термині мен оған қатысты ұғымдар айтылады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасындағы туризмді дамытуға арналған заңдық нормативтік құжаттар, бағдарламалар қарастырылады. Оқушыларды туризм және өлкетану негіздерімен таныстыратын мамандыққа кіріспе болып табылады.