Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман-хикаятымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Бұл жинаққа жазушының «Таудағы жаңғырық», «Түнде атылған оқ», «Замандастар сыры» деген туындылары енгізіліп отыр.
Алдыңғы екі шығармада тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, ерен істері суреттелсе, «Замандастар сыры» деректі хикаятында сұрапыл соғыс жылдарында Украина жерінде ерлік көрсеткен партизандардың өмірі мен түрлі ұлт өкілдерінің достығы баяндалады. Өз дәуірінің болмысын көркем сөзбен кестелеген қаламгер кейіпкерлерін өмірдің өзінен алады. Шым-шытырық оқиғалар мен ширыққан сюжетке құрылған шығармалардың тілі жатық, оқиғасы тартымды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
