Оқу құралында киім өндірісіндегі базалық конструкция мен оның модельдік ерекшеліктерін құру, костюмді көркемдеп модельдеу кезеңдерінде қолданылатын көптеген кәсіби терминдер көрініс табады. Сән әлеміне қатысты берілген ақпарат киімнің ассортименттік алан түрлілігі мен көркем стильдерін баяндайды. ХІХ-ХХ ғасырлардың сөн әлеміне әсер еткен ұлы кутюрьелер, жетекші дизайнерлердің есімдері мен қысқаша өмірбаяндары келтірілген. Оқу құралы сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру саласын да қамтиды. Тораптық өңдеу әдістерімен таныстыру мақсатында оларды орындаудың қысқаша баяндамасы енгізілген. Оқу құралы кәсіптік оқу орындарының оқушыларына, костюм дизайнын үйренуші студенттерге, киім тігумен айналысатын кең оқырман қауымға арналған.