Бұл тағылым бағдарламасы арқылы мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге, отбасылық тәрбие мәдениеті негізіне, қоғамдық орта мен өзін тани білетін тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелеу көзделген. Бағдарламаның тиімділігі – тәрбие сағаттарына қажетті тақырыптардың нақты берілгендігі мен жас мамандарды шығармашылық ізденіске жұмылдыра алатындығында.
Аталмыш бағдарлама директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілерге, басқа да бала тәрбиесімен айналысушы педагогтар қауымына арналады.