Оқулық «Сызба геометрия және техникалық сызу» пәнін оқып-үйренуге арналған және болашақ мамандар үшін жалпы кәсіптік пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Кітапта болашақ мамандардың графикалық дайындығының теориялық-әдіснамалық негіздеріне, графикалық пәндерді заманауи білім технологиясына және графикалық есептерді шешу әдістемесі мазмұнын меңгеруге ерекше назар аударылған.
Сонымен қатар, жұмыста бейнелеу теориясының негізгі мәселелері және кешенді сызбаның пайда болуы, заттарды сызбада бейнелеу тәсілдері, байланыстыру түрлері мен жалғастырулар, БКҚЖ (бірыңғай конструкторлық құжаттардың жүйесінің) ережелері мен талаптар негізінде техникалық сызбаларын орындау ережелері қарастырылады.
Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға және оқытушыларға арналған.