Оқу құралында сызба геометрия мен инженерлік графика теориясының және оқыту технологиясының негізгі сұрақтары қарастырылған. Сонымен қатар, өзіндік графикалық есептер мен студенттердің білімін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар берілген.
Кеңістікті көз алдына елестетуді графикалық бейнелеу құралдары арқылы қалыптастырудың және оқытудың заманауи технологиясын дамытатын және маңызды дидактикалық принциптерін есепке алуға ерекше көңіл аударылған.
Бұл басылымның мақсаты – студенттерге және оқытушыларға, білімгерлердің тұлға ретінде дамуына және олардың оқу барысындағы шығармашылығында өзін көрсетуге бағытталған дидактикалық жүйелер мен білім беру технологияларын игеруге көмек көрсету.
Оқу құралы оқытушыларға, магистранттарға және жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.