Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман-хикаяттарымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушының «Соңғы соққы» романында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы Жетісу өңірінің от-жалынға оранған күреске толы күндері баяндалады, ел мен жер үшін аянбаған тұлғалардың ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері шынайы сипатталады.
Адам тағдырына терең бойлай білетін қаламгер шығармасында дәуір мен дерек сипаты, замана шындығы кең қамтылады. Ширыққан оқиғаларға құрылған туындыда жазушы қылмыскерді тығырыққа тіреудің сан қилы әдіс-тәсілдерін шебер меңгерген кейіпкер болмысын боямасыз суреттеп, көркем тілмен өрнектеп жеткізеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
