Екі бөлімнен тұратын оқулыңта ерте орта ғасырлардағы Еуропа өдеби жөдігерлерінен бастап, Қайта өрлеу дөуірі әдебиеті өкілдерінің басты-басты шығармалары талданып, олардың өз кезіндегі рухани қызметі сараланады. Әрбір әдеби кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайына, тарихи оқиғаларға шолу жасалып, әдебиеттің даму бағыттары осы жағдайлармен байланыстырыла көрсетіледі. Ортағасырлың қолжазбалар, дөйексөздер, фрагменттер, сонымен бірге авторлық мәтінге қарым-қатынас сол дәуірлердегі қоғамдық-тарихи, мәдени-әлеуметтік кезеңдерді бейнелейді. «Шетел әдебиетінің тарихы» оқулығы мәдениеттанымдың пәндерде берілген білім мазмұнын тереңдетеді, студенттердің ғылыми-теориялық көзқарасын жетілдіреді. Бұл сала қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді.
Оқулық гуманитарлық колледж оқушыларына, мұғалімдерге және әдебиет мәселесімен айналысатын көпшілік қауымға арналған.