Орта деңгейдегі компанияны әлемдегі ең үздік компанияға айналдыруға бола ма? Қолыңыздағы кітап осы сұрақтың жауабын іздейді. Кітап авторы — бизнес әдебиетінің классигі атанған Джим Коллинз өзінің алты жылдық зерттеу нәтижесін жазған, онда керемет көрсеткішке қол жеткізген компаниялар мен сәтсіздікке ұшыраған компанияларды өзара салыстырып, жоғары көрсеткішке жеткен кәсіпорындарға тән ортақ сипатты анықтайды. Сондай-ақ Abbott, Circuit City, Fannie Mae, Gillette, Kimberly-Clark, Kroger, Nucor, Philip Morris, Pitney Bowes, Walgreens, Wells Fargo сияқты орташа деңгейден керемет жетістікке жеткен компаниялардың тәжірибесі талданады. Бұл компаниялар нарықта 15 жыл бойы жоғары көрсеткіштерін сақтаған. Осылайша, аталған компанияларға 1965 жылы салынған 1 доллар инвестиция 2000 жылы 471 есе өсуі керек еді, алайда нарықтағы барлық компанияның акциясына салынған инвестиция тең дәрежеде — тек 56 есе өсуге тиіс болды.
Сонымен, жоғары нәтижеге серпіліс жасаған компаниялар табысының ұқсас элементтері: тәртіпті адамдар, тәртіпті ойлау жүйесі, тәртіпті әрекет және сермердің әсері. Осының арқасында компаниялар орташа көрсеткіштен бірнеше есе асып, керемет нәтижелерге қол жеткізеді.
Автор кітапта ұсынылған идеялар мен тұжырымдамаларды дәйекті жүзеге асырса, кез келген компания жағдайын түбегейлі жақсартып, шын мәнінде, керемет жетістіктерге қол жеткізе алатынына сенімді.
Кітап жеке кәсібі бар адамдарға, компания басшылары мен олардың кеңесшілеріне, сондай-ақ «менеджмент» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге пайдалы болмақ.
