Орфография мен тыныс белгілері бойынша оқу-әдістемелік көмекші құралда орфографияны оқытудағы принциптер мен әдіс-тәсілдер, сауатты жазуға үйрету жолдары, қойылатын талаптар мен берілетін тапсырмалар көрсетілген. Жазба жұмыстары, теориялық білімді тәжірибеде қолдану, жазба жұмыстарын талдау және қатемен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары ұсынылған. Қазақ тіліндегі тыныс белгілері және олардың қойылатын орындарына кеңірек тоқталып, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың маңыздылығы дәлелденген. Орфография емлелері мен тыныс белгілері қойылатын орындарды игертуде іс жүзінде қолданылып келе жатқан әдістердің ішінен ең тиімді деп саналады. Бұл әдістерді қолдану үшін әр түрлі жаттығулар беріп, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырып, олардың белсенділіктері мен алған білімдерін практикада дәлелдеп көрсете алатындай етіп
тәрбиелеуді көздейді. Оқушылардың орфографияны тану, оған байланысты ережені қолдана білу дағдысын қалыптастырып, қазақ тілінің заңдылықтарын жүйелі меңгертуді мақсат еткен бұл еңбектің оқытушылар мен мұғалімдер үшін көмегі көп жинақ. Ұсынылып отырған құрал 0105000 – «Бастауыш білім беру», 0111000 – «Негізгі орта білім» мамандықтары бойынша оқитын педагогикалық колледж оқушыларына және мектеп мұғалiмдерiне арналған.