Кітапта мұнай-газ кәсіпшілігіндегі маркшейдерлік қызметтің атқаратын міндеттері, мұнай және газ кенорындарының геологиясы туралы қысқаша мәліметтер, кенорнын жайғастыру мен игерудің технологиясы келтірілген. Кенорнын игеру кезіндегі геодезиялық-маркшейдерлік тірек тораптарының дамуы, ұңғымаларды бұрғылаудағы маркшейдерлік жұмыстар, геодинамикалық жағдайды зерделеу және геодезиялық өлшеулер тәсілдері, мұнай-газды тасымалдаудағы құбырлар құрылысының маркшейдерлік жұмыстары, кәсіпшіліктегі құрылыс нысандарын салу мен кенорнын геометрияландырудағы маркшейдерлік жұмыстар жан-жақты баяндалған. Сонымен қатар кенорнын игеру барысындағы жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау және маркшейдерлік жұмыстарды орындағандағы қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Кітап жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына және мұнай-газ кәсіпшілігі мамандарына арналған.