Жоғары оқу орындарында 5В080200-«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес типтік бағдарлама негізінде әзірленген. Сонымен қатар «Ветеринариялық медицина», «Ветеринариялық санитария», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», «Биотехнология», «Медицина» және «Биология» мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттер үшін де қосымша әдебиет ретінде ұсынылады.
Оқулық «Жалпы микробиология», «Инфекция және иммунитет», «Арнайы микробиология» бөлімдерінен тұрады. Оқулықтың бірінші бөлімінде микроорганизмдердің систематикасы мен морфологиясы, физиологиясы және генетикасы, екінші бөлімінде болашақ мамандарға инфекция және иммунитет туралы ілім мен жұқпалы аурулардың алдын алу, балау және емдеу мәселелері туралы мағлұматтар мазмұндалған. Ал оқулықтың үшінші бөлімінде еліміздің мал шаруашылығында кездесетін жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына сипаттама беріліп, олардың зертханалық диагностикасы келтірілген, сонымен қатар мал азығы, сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа, тері-былғары, қи микробиологиясы туралы мәліметтер берілген. Микробиология. Оқұлық.

