Оқу құралының жалпы микробиология бөлімінде микроағзалардың морфологиясы мен физиологиясы, генетикасы, табиғатта таралуы мен оларға сыртқы факторлардың әсері туралы толық мәлімет және олардың зертханалық-тәжірибелік сабақтары бақылау сұрақтарымен бірге беріледі. Жеке микробиология бөлімінде тағам өндірісінде қолданылатын микроағзалар мен ашытқылар түрлері және оның технологиясы жан-жақты сипатталып, соның ішінде бидай, ұн, ұннан жасалған өнімдердегі микрофлоралар, оларды анықтау мен бақылау жөнінде баяндалады. Оқу құралы 1219000 – «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларына арналып құрастырылған. Микробиология. Оқу құралы (1219000 - Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі)