Оқу құралында машина жасау технологиясындағы механикалық өңдеу процестері жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ, оқу құралында кездесетін есептер мен студенттің білім деңгейін тексеруге арналған карталар олардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызады. Есептер жинағында белгі және терминдер, кескіш аспаптарға жататын МемСТ 2575-83 және кесіп өңдеуге жататын МемСТ 25762-83-ке сәйкес берілген. Оқу құралы техникалық мамандықтарында оқитын кәсіптік мектеп және колледж оқушыларына арналған.