Оқулықтың негізгі мақсаты – оқырмандарға маркетинг туралы біртұтас түсініктердің қалыптасуына көмектесу және олардың кеңінен алған білімдерін пайдалануға ынталандыру. Оқулықта маркетинг түсінігі, маркетинг орта мен зерттеу жүйесі, кәсіпорын және тұтынушылар нарықтары, сегменттеу процесі мен оның мақсаттары, тауарды дайындау, тауарға баға белгілеу, оны тарату әдістері мен қозғалысы туралы мағлұмат берілген. Сонымен қатар, баға саясаты, бөлшек және көтерме сауданы ұйымдастыру, жарнамалық қызмет, стратегия, жоспарлау, бақылау, коммерциялық емес қызметтегі маркетингтік орта және халықаралық маркетинг туралы да мәліметтер қарастырылған. Оқулықты жоғары оқу орындары мен колледждерде, сонымен қатар маркетингті өз бетімен игеру үшін де қолдануға болады.