Оқу құралы макроэкономикалық теория мәселелерінің кең ауқымын қарастыруға бағытталған. Әрбір тарауда теориялық бөлім, тараудың соңында негізгі ұғымдар, бақылау сұрақтары, тесттер мен есептер, есептердің шешілу жолдары берілген. Сонымен қатар әрбір тақырыпта оқырманның өздігінен дайындалуына мүмкіндік беретін қосымша әдебиеттер, оның ішінде кезеңдік басылымдардың материалдары ұсынылған.
Оқу құралы макроэкономикадағы қазіргі заманғы жетістіктерді толық сипаттайды. Сондықтан жоғарғы оқу орындарының, колледждердің экономикалық факультеттерінде мемлекеттік тілде білім алатын студенттерге, мемлекеттік басқару саласының мамандарына, кәсіпкерлерге, сонымен қатар макроэкономиканың мәселелері қызықтыратын, сол мәселелерді зерттеумен айналысатын оқырман қауымға арналған.