Бұл оқулықта аналогты, сандық, талшықты-оптикалық, радиорелелі және спутниктік беру жүйелері каналдарының жиіліктік және уақыттық бөлуінің негізгі принциптері, соңғы үлгідегі станция жабдықтарының негізгі түйіндері, сондай-ақ импульстік кодтық модуляция негізінде, сызықты жолда, каналдарда кездесетін бөгеулер қарастырылған. Сандық беру тәсілдері телекоммуникациялық желілер мен жүйелердің қазіргі уақыттағы даму бағытына негізделген.
Плезиохронды (PDH), синхронды (SDH) телекоммуникациялы беру жүйелерінің құрылу негізі және ерекшеліктері қарастырылған. Оқулық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі радиотехникалық және байланыс мамандарын,
«Оптикалық және электрондық жабдықтар» мен «Радиоэлектроника және байланыс» мамандарын дайындайтын колледждерде қолдануға арналған.