Оқу құралында компьютерлік жүйелер сенімділігі түсінігі, талаптары, параметрлері, сенімділік модельдері мен сенімсіздік себептері қарастырылған. Сонымен қатар, аталған ұғымдарды көрнекі сипаттау мақсатымен, жоғары деңгейлі бағдарламалық тілдерде жазылған қосымшалар келтірілген. Бұл оқулықта ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың сенімділікке қатысты ұғымдары мен қажетті ақпарат келтірілген, сенімділік теориясының негізгі түсініктері қарастырылған. Теориялық материалдарды бекітуге арналған жаттығулар құрастырылған. Оқу құралы 5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқитын студенттерге ұсынылады, сонымен қатар ақпаратты өңдеу саласында мамандарға, инженерлерге және программистерге пайдалануға ұсынылған.

