Қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттiң бұл кітабына қалың оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген жырлары енгізілді. Кітапта ақынның 1988–2000 жылдары жазылған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтiк-философиялық жыр-толғамдары топтастырылған. Ақын тың iзденiстерге барып, өлең өнерiнiң соны қырларын аша түскен.
Ақынға бұл «Киiз кiтап» атты тұтас туындысы үшiн 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты атағы берiлген.