Оқулықта тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті, ондағы жанрлар жүйесі, тақырыптық-көркемдік ерекшеліктер, тілдік-стильдік сипаттар жан-жақты қарастырылады. Дәрістер мен практикалық сабақтарда ұлттық сөз өнерінің жетекші жанрлары – поэзия, проза, драматургия және әдебиеттану, сын саласындағы ізденіс мұраттары, көзқарас пен қолтаңба ерекшеліктері, тақырыптық-жанрлық сипаттар, көркемдік-эстетикалық құндылықтар кең көлемде сөз етіледі. Әдеби үдеріске маңыз беріледі. Студенттерге арналған бақылау жұмыстары, ондағы ізденіс пен ойлауға бағытталған сұрақтар да тарихи негізі, әдеби-ғылыми сипаттарымен назар аудартады. Тест тапсырмалары да білім-ғылым деңгейін, ойлау жүйесі мен көркемдік қабылдауды, дайындық пен тапқырлықтың қыр-сырын терең тануға әсер-ықпал етеді.
Оқулық жоғарғы оқу орындарының филология және журналистика мамандықтарының студенттері мен магистранттарына арналған.