(0)

"Қазақ қазынасы" сериясы

Болат Бопайұлы

Мазмұны pdf

Описание

1. Адам үшін ең жақсы нәрсе – үлкендерден жылы сөз, ақ бата есту, халықтың құрметіне бөлену. Халқымыз риза болған адамның, тұтас әулеттің, дүйім жұрттың тілекшісі болып, құдайдан бақ-береке, ырыздық пен молшылық сұраған. Осынау әдемі дәстүр бүгінде жалғасын тауып, өзектілігі артуда. Бұл кітапта күнделікті өмірдің әр саласында айтылатын баталардан бастап, ауыз әдебиетінің озық үлгілері ретінде сақталған би-шешендердің де баталары жинақталған.

2. Қазақ үшін берекенің қаймағы – ақ дастархан. Таспен ұрғанды аспен ұратын еліміз дастархан басында маңызды мәселелерді шешеді, әулетімен жиналады, қуанышын тойлайды, қайғысын да бөліседі. Халқымыз қонаққа берілетін асты жөн-жосығымен ұсынған. Бұл кітапта дастарханға қойылатын әр тағамның мән-маңызы, жалпы ас-тұзға қатысты жоралғылар айтылады.

3. Қазақ – қазақ болғалы алмағайып кезеңдерді бастан кешірсе де, салты мен дәстүрін ұмытпаған халық. Ұлтымыздың әр дәстүрінде терең тағылым, мол тәрбие жатыр. Ал кейінгі ұрпақ сол ата-бабамыз салған сара жолмен жүріп, ғасырлар бойы сақталған үлгі-өнегені бойына сіңірсе, ұлтымыздың болашағы айқын, ғұмыры ұзақ болмақ. Бұл кітапта халқымыздың салт-дәстүрлері жинақталған.

4. Ұлтымыздың ырым-ғұрыптары – көнеден келе жатқан асыл мұра. Оның әрқайсысында терең мән жатыр. Адамды үлкен-кіші деп бөлмей, ішкен асы мен басқан тасына дейін – бәрін бірдей құрметтеп-қастерлеген халқымыздың даналығы осы ырым-ғұрыптарымыздан байқалады. Адам баласының дүниеге келіп, бақилық болғанына дейінгі барлық ырым-ғұрыптар осы кітапта жинақталған.

Показать полностью Свернуть
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *