Оқулықтың мақсаты – практика мен оқуды бірге бағдарлаумен барынша көрнекі түрде
Java тілін таныстыру. Кітаптың бірінші бөлімі ақпараттық блок болып табылады және Java
тіліне жүйелік енгізуді, Java тілінің программалық платформасының негіздерін ұсынады. ПГИпрограммалауына кіріспе, деректер базасымен қосылу және Android қосымшаларын әзірлеу
осы ақпараттық блокты аяқтайды. Екінші бөлімі – жаттығу тапсырмалары жинағы. Ақпараттық
блоктан тиісті дағдыларды алғаннан кейін осы бөлімнің тапсырмалары тақырыптарды одан
әрі талдауға дайындай алады, ал тапсырмалардың күрделілігінің әртүрлі деңгейлері сабақта
саралауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Кітаптың үшінші бөлімінде IT-мамандығының базистік оқу жоспарына арналған «қосымшалар жүйесін әзірлеу және өрістету» оқу модуліне негізделген оқу жағдайлары қамтылған.
Оқулық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 1300000 «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар», 1305000 «Ақпараттық жүйелер», 1304000
«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша білім
алушы студенттеріне арналған.
