Оқулықта геодезиялық-маркшейдерлік аспаптар, олардың метрологиялық қамтамасыз етілуі, техникалық сипаттамалары, негізгі конструкциялық ерекшеліктері, аспаптармен өлшеу әдістері, есептеулері және олардың нәтижелерінің дәлдігін бағалау жөнінде жалпы мәлімет берілген. Геодезиялық-маркшейдерлік аспаптардың стандарты, қазіргі заманғы спутниктік глобальды және навигациялық жүйелер, лазерлік сканерлер, электрондық теодолиттер мен тахеометрлер және сандық, лазерлік нивелирлердің оптикалық және механикалық құрылымдары толық қамтылған. Оқулық 050711 – «Геодезия және картография», 050903 – «Жерге орналастыру» және 050707 – «Маркшейдерия» мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының негізінде дайындалған.
Оқулық геодезия пәнін оқып-үйренетін тау-кен, геологиялық барлау, мұнай, құрылыс мамандықтарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.

