Аталған оқу құралында жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы еңбекке баулуды оқыту әдістеме пәні ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады. Оқытудың мазмұны, мұғалімнің қызметі – оқыту, оқушылардың қызметі – оқу, әдістеменің қызметі – осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің, оқыту мазмұнының талаптарын құрастыру. Оқу құралында жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарында еңбекке үйрету сабағын оқытудың әдіснамалық-теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік ұсыныстары қамтылған. Ұсынылып отырған құрал 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын педагогикалық қолледж оқушыларына және мектеп мұғалiмдерiне арналған. Еңбекке баулу әдістемесі (бастауыш сыныптарға арналған).