Оқулықта аталған құқық салаларының негізгі теориялық мәселелері баяндалған. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы және ерекше бөлімдері, нормативтік актілердің жаңартылған мәтіндері енгізілген. Сонымен қатар, оқулықта білімдерді бекітуге арналған тест сұрақтары, құқықтық тапсырмалар және өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар, білім алушылардың материалдарды меңгеруін жеңілдету үшін сызбалар, кестелер, тәжірибелік
құжаттардың үлгілері берілген. Оқулық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушыларына және оқырмандардың кең көлеміне арналған.