Оқулықта тозығы жеткен және жарамсыз жерлерді игеріп, оны мал азығын өндіруге пайдалану, жайылым мен шабындық жасаудың тәсілдері, ауыспалы егіншілік негізінде мал азығын өндіру, мал азығына жарамды дақылдардың түрлерін таңдап алу, суармалы екпе жайылым жасау, жерді тыңайтқыш арқылы өндіру, тұқым шаруашылығын қалыптастыру, сортаң жерлерді жайылымдар мен шабындыққа айналдыру, т.б. мәселелер қарастырылған.
Оқулық ауылшаруашылық колледждердің студенттері мен жеке шаруа қожалықтарының мамандарына арналған.