Оқу құралында барлардың түрлері, олардың жабдықтары көрсетіліп, коктейльдерді дайындау әдістері баяндалған. Барлық елдерде кең қолданылатын классикалық коктейльдердің белгілі рецептілері топтастырылған.
Сондай-ақ, оқу құралында бармендердің кәсіптік сапасы сипатталып, олардың жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулар берілген. Анықтамалық тек техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушыларына ғана емес, сонымен қатар бармендерге, қоғамдық тамақтандыру орындарының кәсіпкерлеріне де арналған.