Оқу құралы технологиялық процестердің параметрлерін автоматты түрде бақылайтын бақылау-өлшеу аспаптарын қарастырады. Оқу құралында түрлендіргіштердің, қысымды, зат шығынын, зат деңгейін, температураны және материалдардың сапасы мен құрамын өлшейтін аспаптардың жіктелуі, құрылысы мен жұмыс жасау қағидалары, өндірістегі қолданылуы туралы мәліметтер келтірілген.
Әр тараудың соңында бақылау сұрақтары жазылған және анықтамалық материал, сөздік және құралда кездесетін қысқартулар келтірілген.
Оқу құралы орта кәсіптік білім беру мекемелерінің 1302000 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша ғана емес, басқа да техникалық мамандықтар бойынша қолдану үшін қажетті құрал болып табылады. Автоматтандыру негіздері және бақылау-өлшеу аспаптары. Оқу құралы.

