Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған оқу- әдістемелік құрал арқылы оқушылар ауылшаруашылық машиналарын жұмысқа дайындауға, реттеуге және оларды бөлшектеп құрастыруға дағдыланады. Зертханалық-тәжірибелік сабақтарда оқушылар іс жүзінде машина мен қосалқы құралдардың құрылысын жетік біліп, негізгі және көмекші органдарының жұмысын реттеуді меңгеруге мүмкіндік алады.
Құрал «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алатын ауылшаруашылық колледждері мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларына арналған.