Оқулықты жинақтап құрастыру кезiнде көптеген технологиялық әрекеттердiң, техникалардың, көкөнiстердiң, балықтардың атаулары, өнiмдер мен тағамдардың атауларының қазақ тiлiнде тiкелей баламасы болмағандықтан, орысша және ғылыми атаулар сол күйiнде алынды. Сондай-ақ, кейбiр технологиялық үдерістердiң, атаулардың қазақша, орысша баламалары жанына жақшаға алынып жазылды. Сол сияқты қазақ тiлiндегi екiншi түрiндегi мағыналық түсiнiктемелерi, сiлтемелерi де жақшаға алынды.