Оқулық мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жазылған және ғимарат бөліктері мен құрылыс жұмыстарының түрлері туралы кең ақпарат береді.
Ағаш өңдеудің негізгі операциялары және қолмен және механикаландырылған құралдармен орындалатын жұмыстар, ағаш өңдеу машиналарының құрылғысы және жұмыс ережелері сипатталған. Сонымен қатар ағаш құрылыстың экономикалық және экологиялық маңыздылығына ерекше назар аударылады. Өңдеу элементтерінің, қаңқалардың, қабырғалардың және аралықтар-дың, төбелер мен шатырлардың, есік және терезе блоктарының, баспалдақтардың және оларды монтаждаудың, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарының құрылымдары мен жасау әдістері қарастырылған. Кітаптағы түрлі түсті суреттер, кестелер және диаграммалар студенттердің материалды жақсы меңгеруіне көмектеседі.
Бұл басылым 1401000 «Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алушы студенттеріне, сондай-ақ осы мамандықтың оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін пайдалы болады.

